Айнагуль Айтмаганбетова Көш бастаған - Президент сөзі

Көш бастаған - Президент Айнагуль Айтмаганбетова

0
0

Бөлісу:


Сөзі



Тәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,
Көш басында ел мақтаған - Президент.
Сын сағатта еліне еңбек етіп,
Арманына қол жеткізген – Президент.

Қазағым деп соққан оның жүрегі
Отша қайнап, лаулап жанып жүреді.
Халқыменен бірге болған сәттерде,
«Аман болшы елім» оның тілегі.

Егемендік алып келген еліне,
Қазағымның ұлан-асыр жеріне.
Дербес елдің көк туын желбіреттің,
Жаңғырды «Қазақ» аты жер-жерлерде.

Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.
Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.
Даңқың мен абыройың арта берсін,
Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.

Тәуелсіз, егеменді жерінде
25-ін тойлап жатыр қазақ елі.
Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!
Мәңгілік жасай берші қазақ елі!

Елінің абыройын асқақтатқан,
Көш басында, ел мақтаған Президент.
Қажырлы, талмас қанат, ерлігімен
Арманына қол жеткізген – Президент.

Павлодар облысы,
Ертіс ауданы,
Ынтымақ ауылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Айнагуль Торшановна



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

29.12.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz