Шыңым менің сөзі

Айгүл Махатова

2018

0
0

Бөлісу:



Шыңым менің шырайлы күміс маңдай
Өзіңменен өткіздім тұрмыс балдай
Көңіл көгі нұр әлі арайланған
Биігіңе боламын бірге ұшқандай

Қайырмасы:
Айдынын боп аққудай боп аяладың
Сандуғаштай бағыңа саяладың
Мейіріңді мерейлі аямадың
Бағындырған басыңа баяладың
Гүл ұсынса мен бүгін қуаныштан
Жазирасын жанымның жаяламын

Ақ бастауын сырларын шын ұққанда
Ақ бастауым кіршіксіз тұнық балдай
Жасыңа жас қосылып өркен жайып
Бақыт үнін кешіңіз ұлықпандай

Қайырмасы:
Айдынын боп аққудай боп аяладың
Сандуғаштай бағыңа саяладың
Мейіріңді мерейлі аямадың
Бағындырған басыңа баяладың
Гүл ұсынса мен бүгін қуаныштан
Жазирасын жанымның жаяламын
Айгүл Махатова, Айгул Махатова, Шыңым менің, Шыным менин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

03.08.2018
Қолданушылар