Дәл солай сөзі

Айгүл Иманбаева ft. Қазбек Жексенов

Дәл солай

0
0

Бөлісу:


Сыр-мұңыма,
Шындығыма сен-сенбе,
Сенің еркің…
Жалған айтпан өлсем де.
Сені көріп сезім кештім сұрапыл,
Ол бір сезім – сыймайды ешбір өлшемге.

қайырмасы:
Білем, білем…
Бәрі-бәрі кеш мүлдем,
Сағынышқа толы тағдыр кештім мен.
Сен жайында сыр айтпаймын ешкімге,
Сен жайында сұрамаймын ешкімнен.
Білем, білем…
Бәрі-бәрі кеш мүлдем.

Қаншама түн,
Қаншама күн,
Қаншама ай,
Күттім, күттім...
Құлазыды жансарай.
Сенсіз өмір сүру маған тым қиын,
Менсіз өмір сүру саған болса оңай.


қайырмасы:
Білем, білем…
Бәрі-бәрі кеш мүлдем,
Сағынышқа толы тағдыр кештім мен.
Сен жайында сыр айтпаймын ешкімге,
Сен жайында сұрамаймын ешкімнен.
Білем, білем…
Бәрі-бәрі кеш мүлдем.
Айгүл Иманбаева ft. Қазбек Жексенов, Айгул Иманбаева ft. Казбек Жексенов, Дәл солай, Дал солай сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

22.12.2015
Бейнеклип
Айгүл Иманбаева ft. Қазбек Жексенов
Дәл солай