Рахмет саған сөзі

Айбат тобы

Рахмет саған

0
0

Бөлісу:


Көктем гүлін ерте ашып, махаббаттың нұрын шашып,
Еркелеген наз қылығың, көңілімді толқындатып.
Тағдырым ба бақытым ба, білем бекер жолықпадық,
Ыстық сезім баурап алып, мәңгілікке болдым ғашық.
 
Қайырмасы:
Рахмет саған, рахмет саған, жүрегіммен ән арнағам,
Өмір бойы іздеп келген, сен сыйладың бақыт маған.
Рахмет саған, рахмет саған, жарығым сен таба алмаған,
Жүрегімді еншілеп, тұмар болып тағыл маған 
Рахмет саған!
 
Күлімдеген асылым сен, күн нұрындай жарығым сен,
Қайғы-күлкі тең бөліскен, жүрегімнің жарымы сен.
Сылдыр аққан сырларым сен, армандаған тілегім сен,
Бақыт балын бірге татқан, бұл өмірде тірегім сен.
Айбат тобы, Айбат тобы, Рахмет саған, Рахмет саган сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

31.10.2015