Мектебім сөзі

Адина Сағнаева

2017

1
0

Бөлісу:



Мектепке асығып келемін
Мектебім алтын ұям зəулім биік
Сыныпқа қуана келемін
Ұстазымды қалдым сүйіп
Қарсы алдың біліміңмен
Жауқазын гүлімдеп
Сəлемге қайтардың сəлем
Қыздарға басымды иіп

Қайырмасы:
Мектебім менің,сүйікті мекенім
Мектебім менің мақтаныш етемін
Мектебім менің ардақтап өтемін
Мектебім менің.....

Мектебім екінші анам ғой
Аялап тəлім берген əлпештеп
Мектептен зор білім алдым ғой үйреніп
Түрлі өнер əн күй билер
Бір кезде жетіліп
Қырандай бекініп
Қанатты қағамын соңында
Көкке ұшамын шалқи өрлеп

Қайырмасы:
Мектебім менің,сүйікті мекенім
Мектебім менің мақтаныш етемін
Мектебім менің ардақтап өтемін
Мектебім менің.....

Адина Сағнаева, Адина Сагнаева, Мектебім, Мектебим mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

19.03.2018
Қолданушылар