Жаса қазағым сөзі

Әділет Асанов

Жаса қазағым

1
0

Бөлісу:


Жастарының жалыны бар,
Қарттарының қадірі бар,
Жақсылыққа жаны құмар,
Жаса қазағым!
 
Тарихының тамыры бар,
Дәстүрінің тәлімі бар,
Сақ пен ғұнның сарыны бар,
Жаса қазағым!
 
Қайырмасы:
Жаса, жаса қазақ тілім!
Жаса, жаса ғажап дінім!
Баянды боп, азат күнің,
Бағың таймасын!
 
Жаса, жаса рухты халқым!
Жаса, жаса құтты салтым!
Айдан асып мықты даңқың,
Жаның жайнасын!
 
Көсемдері кесім берген,
Керуен тартып, көшін керген,
Төрт түлігі төсінде өрген,
Жаса қазағым!
 
Ту көтеріп, тұлпар мінген,
Саят құрып, сұңқарды ілген,
Күй төгіп, ән шырқап жүрген,
Жаса қазағым! 
Әділет Асанов, Адилет Асанов, Жаса қазағым, Жаса казагым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Anonymous

16 Қараша 2016

күшті өлен

GM

Сөзін қосқан

24.10.2015