Шағала сөзі

Әбіш Кекілбаев

0
0

Бөлісу:


Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
Бұқадай буырқанып шайқасады.
Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
Көк толқын айбат шегіп, иықтасып,
Үркеді жағалаудан тиіп қашып.
Шошынып бұрқылдаған тентегіңнен
Қыран да қалықтайды биікке асып.
Бұрқанған билей алмай өзін-өзі
Теңізден бәрі шошып безінеді.
Сескенбей шарықтайды тек шағала
Айдынды өз үйіндей сезінеді.
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, Шағала, Шагала сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

15.01.2017