Әбдіжаппар Әлқожа Жамалымсың (ft. Саят Медеуов) (2017) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Жамалымсың (ft. Саят Медеуов) сөзі

Әбдіжаппар Әлқожа

2017

31
1

Бөлісу:



Қарақат көзді қарағым

Аймалап ескен самалың

Шарлатқан шаттық аралын

Маралымсың

Қайырмасы:

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еңселген ойдан арылып

Нұрыңды әркез сағынып

Заңына қалдым бағынып

Махаббаттың

Қайырмасы:

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Жаныма жаққан дерт едің

Сенімсіз сенсіз ертеңім

Гүл қызы өзің өлкенің

Түсімдегі

Қайырмасы:

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мен

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені






Пікірлер

Асылан Магзумов

20 Қараша 2017

Өте тамаша

Aslan Davletov

01 Сәуір 2019

күшті ән! жалпы app. супер! жарайсыңдар.

Алмаз Султанов

Сөзін түзеткен

27.01.2020
Қолданушылар