Алыстан хат сөзі

Әбділдә Тәжібаев

0
0

Бөлісу:


Сезсең кейде соққан жылы
Жаздың жанға жайлы лебін,
Жат көрме, ол аңсап сені
Ақырын менің алған демім.
Сыбырласса көк жапырақтар.
Тілдескендей қоңыр желмен -
Тыңда да сен, сыр алып қал
Сыбырлаушы онда да мен.
Терезеңнің әйнегінен
Ай қараса айдын көктен,
Мен де қарап тұрмын бірге
Ойлан, гүлім, ұйықтап кетпе.
Әбділдә Тәжібаев, Абдилда Тажибаев, Алыстан хат, Алыстан хат сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016