Мамырдың 25-інде сөзі

Абай Бегей

2019

9
0

Бөлісу:



Шашына байлап бантигін
Үстіне киген фартугын
Есміде біздің сыныпта
Әдемі бір қыз бар тұғын
Үлгілі еді шынымен
Сабақта мүлде қалмайтын
Мен одан әттең ол бірақ
Кітаптан көзін алмайтын

Қайырмасы
Ұмытқан жоқпын ол қызды
Есімде әлі есімде
Ең алғаш вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Ұмытқан жоқпын ол кезді
Есімде бәрі есімде
Соңғы рет вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Мамырдың 25-інде

Естеліктері өткеннің
Жүректі мейлі өртесін
Абырой еді мектепте
Арқалау оның сөмкесін
Он бір жыл өтті зымырап
Алыстап кетті арамыз
Қайда жүр екен бұл күндер
Ақ бантик таққан қара қыз

Қайырмасы
Ұмытқан жоқпын ол қызды
Есімде әлі есімде
Ең алғаш вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Ұмытқан жоқпын ол кезді
Есімде бәрі есімде
Соңғы рет вальс биледім
Мектеп бітіру кешінде
Мамырдың 25-інде

Абай Бегей, Абай Бегей, Мамырдың 25-інде, Мамырдын 25-инде mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

23.02.2019
Қолданушылар