Жұлдызай Дүйсенбиева ft. Аңсау дуэті Ой жеңге (0) lyrics

Share:


 
Армандар армандарға ұласуда
Ой жеңге сырымды айтсам ұғасын ба
Ажары ай мен күндей арман болған
Қолым жетпей-ай жүр ғой бір асылға
Ажары ай мен күндей арман болған
Қолым жетпей-ай жүр ғой бір асылға
 
қайырмасы:
Қай жерде жүр екен деп күнде іздедім
Қайда деп үмітімді мүлде үзбедім
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің
 
Келеді ол аруды ай күндерің
Сенде байқалмайды жай жүргенін
Таңдаймын деп адасып қалма ендеше
Талабын таудай екен қайным менің
Таңдаймын деп адасып қалма ендеше
Талабын таудай екен қайным менің
 
қайырмасы:
Қай жерде жүр екен деп күнде іздедім
Қайда деп үмітімді мүлде үзбедім
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің
 
Қиялым менің алысқа жетеледі
Көңілді жалғыз үміт көтереді
Аңсарым ар иманым биік ұстар
Қар көз ару болса жетер еді
Аңсарым ар иманым биік ұстар
Қар көз ару болса жетер еді
 
Қайным-ау серілердің бірі едің сен
Көп қыздың жүрегін жаралама сен
Аялап айдынына қондыра бер
Арудың бәрі жақсы біле берсен
Аялап айдынына қондыра бер
Арудың бәрі жақсы біле берсен
 
қайырмасы:
Қай жерде жүр екен деп күнде іздедім
Қайда деп үмітімді мүлде үзбедім
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің
Неліктен табылмай жүр әлі күнде
Жазылса маңдайыма бір қыз менің






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Жұлдызай Дүйсенбиева ft. Аңсау дуэті
Ой жеңге