Ауылым, аңсадым lyrics

Жұбаныш Жексенұлы

Ауылым аңсадым

9
0

Share:



Ауылда өстім,
Шаңына аунап, еркелеп.
Ұядан ұштым, қатайды қанат ертерек.
Асығып алдан бақытым күтіп тұрғандай,
Армандар асқақ, қиялдар қилы жетелеп.
 
Қаланың мынау тамаша сайран-сауығы,
Жолдарын жуған нөсерлі жылы жауыны.
Бәрі де ғажап
Сағынған кезде бірақ та,
Аңсарым ауып, іздедім сені ауылым.
 
Қайырмасы:
Ауылым, аңсадым,
Аппақ таңыңды.
Тұнық кешіңді, алма бағыңды.
Өзіңе барып, қуып сағымды,
Іздеймін бала, балғын шағымды.
 
Достармен бірге саялап сая-бақтарын,
Шаттыққа толы өткізіп қызық шақтарды.
Жадырап, жайнап, өтсе де жарқын күндерім,
Ауылды аңсап, жаныма сая таппадым.
 
Қайырмасы:
Ауылым, аңсадым,
Аппақ таңыңды.
Тұнық кешіңді, алма бағыңды.
Өзіңе барып, қуып сағымды,
Іздеймін бала, балғын шағымды.
Көңілде тұрған жауап жоқ сансыз сұраққа,
Өзіңді іздеп,  кеттім ауылдан жыраққа
Ғашық болсам да қаланың айлы кешіне
Ауылға туған жетпейді екен бірақ та.
Жұбаныш Жексенұлы, Ауылым, аңсадым lyrics, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

токтамыс омаров

05 2016

ауылга деген сагыныш арбiр ауылда туып оскен азаматка таныс сагыныш сезiмi

токтамыс омаров

05 2016

ауылга деген сагыныш арбiр ауылда туып оскен азаматка таныс сагыныш сезiмi

Admin

Corrected text

24.04.2020