Қойнауында қапшағайдың lyrics

Жұбан Молдағалиев

0
0

Share:


Баурайында бақша-баудың.
Тербеледі жаңа теңіз,
Жарқырайды аппақ айдын.
Сол айдынның ұлы өзегі
Көсіле аққан Іле өзені,
Суыртпақтай көрінеді,
Суарса да өзі елді.
Көкорай боп көлде жатыр.
Теңіз төсін кере жатыр.
Кеше біз қой жайған жерде
Кеме жүзіп келе жатыр.
Толқын құлап толқындарға,
Жолбарыстай жойқын дала,
Даурығады, дөңбекшиді,
Жұмарланып жөнкиді шыға.
Уатылады, атылады,
Бірін бірі батырады,
Бірін бірі сүйреп шығып.
Бірге мөңкіп жатыр әрі.
Ойнақ салған өзі айдында,
Қабаттары қарт тарландай,
Бурыл тартып көз алдында,
Көз алдында қарғайы андай.
Жағаға тек қайрылды лай.
Қамыс қана майрылды ұдай.
Толқын кенет сұлық түсті.
Аруағынан айырылғандай.
Бурыл бас бір масқыл адам
Қиял тербеп жағада тұр.
Желге төсін тосқан оған
Қатады тек шағала тіл.
Тұрды адам жартастай бір.
Қозғай алмас қай ағын да.
Соңғы толқын жармастай құр,
Жығылды кеп аяғына.
1972
Жұбан Молдағалиев, Қойнауында қапшағайдың lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016