Share:




Lyrics



Бір біріне соғылар қабат
Қызығы көп көкпар алаңның
Қызықты ел соңынан қарап
Серкені іліп тартқан ағамның
Тұлпар оңай көнбейді ешкімге
Болмаса елдің батыр ұлдары
Ол намысын бермейді ешкімге
Ей серкені ілген тақымындағы

Қайырмасы
Шап шап шаба бер шабандоз
Шаба бер салар көз саған ел
Артқы аяғын тең қылып аяқ баста ер жігіт
Шаба бер шаба бер шабандооз

Топырағын көкке лақтырып
Кең кеудесін далам қозғады
Қазанға алғаш жеткен ат мініп
Шаршамаңдар шабандоздарым
Жеткізейін бәйге алып хабар
Бір қуансын жерлес ағайын
Қанжығамыз майланып қалар
Ей тұлпарды әкел менде шабайын

Қайырмасы
Шап шап шаба бер шабандоз
Шаба бер салар көз саған ел
Артқы аяғын тең қылып аяқ баста ер жігіт
Шаба бер шаба бер шабандооз





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

14.10.2018