Жолдасбек Абдиханов Біз екеуміз бір адамбыз (2019), lyrics

Біз екеуміз бір адамбыз lyrics

Жолдасбек Абдиханов

2019

16
2

Share:



Біз екеуміз бір адамбыз
Туылған екі анадан
Сүйемін ақ сезіммен
Шығатын шекарадан
Жер жүзін жеті ораған
Сен болмасаң жарығым-ау
Жабырқап жеке қалам
Кетпеші алыстарға
Керексің өте маған
Керексіз бөтен адам.


[Қайырмасы]
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған


Сен жадырап жүрсең болды
Жанымда есен-аман
Басыңа күн туса да
Басымда қате қадам
Барлығын көтере алам
Мен өзіңді бір күндері
Үйіме әкеп алам
Келіннің шәйін ішіп
Қуансын әкем-анам
Батылым жетеді оған


[Қайырмасы]
Жаным, жаным
Жанымның ауырғанын
Жаныңмен қабылдадың
Тіл қат маған
Жаным, жаным
Жаныңда жалындадым
Жанымнан табылғаның
Қымбат маған






Admin

Added Lyrics

17.05.2019