Өмір ғой досым lyrics

Жолдасбек Абдиханов

2017

10
1

Share:



Сен кеше асқақтадың,өштің
Сынаққа салды сусып бес күн
Досым деп жүрген жандар қайда
Қасында қалмады ма ешкім
Досым деп жүрген жандар қайда
Қасында қалмады ма ешкім

Сен дұрыс таңдамапсың досты
Барлығы ат құйрығын кесті
Басыңа түскен жалғыз сынақ,
Бəрінің бет пердесін шешті.
Басыңа түскен жалғыз сынақ,
Бəрінің бет пердесін шешті.

Сен кеше досым көп деп жүрдің
Отырсың досым жоқ деп-бұл күн!
Сынаққа өкінбе қайта сен
Досыңның кім екенін білдің
Бəрінің ойлайтыны пайда
Ай мəңгілік адал достар қайда
Көрінген дос болады саған
Атағың жеткен кезде айға
Қол созар бірі қалмас бірақ
Сүрсиып қалғаныңда сайда
Қамыға берме досым бекер
Көңілсіз бұл күндерде өтер
Аяққа тұрғаныңда ертең
Жаныңа бəрі қайта жетер
Көтере алмауың сенің бой
Бəріне қапалы көңіл ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Өмір ғой досым бұл өмір ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Өмір ғой досым бұл өмір ғой
Кімге несіне өкпелейсің
Ай досым ,бұл өмір ғой!!!
жолдасбек, абдиханов, zholdasbek, abdihanov, abdikhanov, Өмір ғой досым lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

31.05.2018