Бұл маxаббатқа таң қалам lyrics

Жолдасбек Абдиханов

2017

15
0

Share:



Сырласып талай тарқаса да бар мұңым
Ұқпаймын сені кейде мен кеудемде соққан тағдырым
Бақыттың ұзап бағынан сорлатып кейде қоясын
Жақсынын қашып жанынан құшақты жатқа жаясын

Қайырмасы:
Бұл махаббатқа таң қалам жанымды өртеп лаулаған
Ойда жоқ кезде от болып жанатын кезде жанбаған
Бұл махаббатқа таң қалам алдаған бірде арбаған
Жұмбақ үміт емес махаббат таң қалам саған таң қалам

Өзгерер өмір өзгерер өзгермесе де әр таңын
Қинамас мұнша өзгелер өз жүрегімнен қорқамын
Шынарды шыңнан құлатып адасып жүрміз талай біз
Аяулы жанды жылатып басқаны неге қалаймыз

Қайырмасы:
Бұл махаббатқа таң қалам жанымды өртеп лаулаған
Ойда жоқ кезде от болып жанатын кезде жанбаған
Бұл махаббатқа таң қалам алдаған бірде арбаған
Жұмбақ үміт емес махаббат таң қалам саған таң қалам
жолдасбек, абдиханов, zholdasbek, abdihanov, abdikhanov, Бұл маxаббатқа таң қалам lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

aishat

27 2017

күшті

Admin

Corrected text

31.05.2018