Жолдасбек Абдиханов Бұл маxаббатқа таң қалам (2016), lyrics

Бұл маxаббатқа таң қалам lyrics

Жолдасбек Абдиханов

2016

20
1

Share:



Сырласып талай бейнемен,
Тарқаса дағы бар мұңым.
Ұқпаймын сені кейде мен,
Кеудемде соққан тағдырым!

Бақыттың ұзап бағынан,
Сорлатып кейде қоясың!
Жақсының қашып жанынан,
Құшақты жатқа жаясың...

Бұл махабатқа таң қалам!
Жанымды өртеп лаулаған!
Ойда жоқ кезде от болып,
Жанатын кезде жанбаған!

Бұл махабатқа таң қалам!
Алдаған бірде арбаған!
Жұмбағы бітпес махаббат
Таң қалам саған таң қалам!

Өзгерер өмір өзгерер,
Өзгермесе де әр таңым.
Қинамас мұнша өзгелер,
Өз жүрегімнен қорқамын.

Шынарды шыңнан құлатып,
Адасып жүрміз талай біз!
Аяулы жанды жылатып
Басқаны неге қалаймыз?

Бұл махабатқа таң қалам!
Жанымды өртеп лаулаған!
Ойда жоқ кезде от болып,
Жанатын кезде жанбаған!

Бұл махабатқа таң қалам!
Алдаған бірде арбаған!
Жұмбағы бітпес махаббат
Таң қалам саған таң қалам!






Comments

зулфия алиева

18 2016

оте жахсы

жанерке

30 2016

қалай тыңдауға болады? тек текст ғана тұр ((

олжас

03 2016

калаи тартип алам осы оленди

aishat

08 2017

керемет əн❤❤❤

Admin

Added Lyrics

14.07.2016