Сенсің lyrics

Сейфуллин Жолбарыс

Сенсің

0
0

Share:



Келді құлпырып көктем, сағынып күткен.
Сайрайды құстар ұшқан, сұлу ғой неткен.
Сен де жаным жүрсің бе, ұмытпай мені?
Жүрегімнің дүрсілі сезеді сені.
 
Сезім шіркін сілкініп, көңіл құшағы
Тау желіндей сағыныш, саған ұшады
Көктем гүлін ұсынып, жаным өзіңе.
Еріксіз толғандырған, ғашық сезім бе?
 
Жанымда сенсің, таңымда сенсің,
Көңілімді көтерер, сенің нәзік лебізің.
 
Қайда кетті сол күндер арман күндерім?
Өтіп кеткен уақытты мүлде сезбедім.
Жалғыз уайымға неге тастадың мені?
Жүрегімнің дүрсілі сезеді сені.
 
Жанымда сенсің, таңымда сенсің,
Көңілімді көтерер, сенің нәзік лебізің.
 
Келді көктем құлпырып, сағынып күткен.
Сайрайды құстар ұшқан, сұлу ғой неткен.
Сен де жаным жүрсің бе, ұмытпай мені?
Жүрегімнің дүрсілі сезеді сені.
Сейфуллин Жолбарыс, Сенсің lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

26.01.2017
Users

GM