Жігіттер квартеті Мінәжат (2021), lyrics

Мінәжат lyrics

Жігіттер квартеті

2021

0
0

Share:



Тұра берсін жерім аман, тауым да аман;
Аман жүрсін досым да, жауым да аман;
Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің,
Қиналғанын сезіну - ауыр маған...

Көңілім бар ешкімге тарылмаған,
Аман болсын жат адам,
бауыр да аман,
Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан,
жұлдыз ағып құласа - ауыр маған...

[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам


Шаршасам да қуатты дауылдардан,
Жауындардан беймезгіл сауылдаған.
Бәріне де көнер ем, тек сәбидің,
Жаутаңдаса жанары - ауыр маған...

Өткереді не зұлмат, құйынды адам,
Елім аман болсыншы, үйім де аман.
Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай,
Сол болсыншы беретін сыйың маған!

[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам


[Қайырмасы]
Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам

Аман болсын аман бол шалқар қалам
Аман болсын аман бол барлық адам
Аман болсын аман бол барлық адам






Admin

Corrected text

18.08.2021
Users