Жігіттер квартеті ft. ХАНЗАДА Ғажап әуен (0) lyrics

Ғажап әуен lyrics

Жігіттер квартеті ft. ХАНЗАДА

Ғажап әуен

0
0

Share:


Тал бесікте ән-күйдің ырғағынан
Жұбанған, сәбиінен жырға құмар,
Ұлдарымыз қазақтай дархан елдің
Ән есіп, күй төгілген қырларынан.

қайырмасы:
Даламның
Тарихымнан тұрған ажырамай,
Сазы қандай!

Ғажап әуен -
Сүйем бұлбұлдар әнін,
Ғажап әуен
Сыйлап гүлдер жұпарын.
Өнеріме айналған,
Бойыма дарып,
Самалымен,
Ғажап әуен!

Сызылып шымылдығы ашылғанда,
Көңілдің кемерінен тасып арман.
Сезімнің сыр сандығын ақтарамыз,
Қанат бітіп киелі сахнамда.
Халқымның қошеметіне жүру кенеліп -
Бақыт деген.

Сезімнің пернелерін жиі қағып,
Көмейге Күннің нұрын құйып алып,
Өнерді білген бағалап,
Тілекші Ұлы халқыма,
Арнап жүрген сыйым - Әнім!

қайырмасы:
Ғажап әуен -
Сүйем бұлбұлдар әнін,
Ғажап әуен -
Сыйлап гүлдер жұпарын
Өнеріме айналған.

Ғажап әуен -
Сүйем бұлбұлдар әнін,
Ғажап әуен -
Сыйлап гүлдер жұпарын
Өнеріме айналған.
Бойыма дарып,
Самалымен,
Ғажап әуен!






GM

Added Lyrics

25.01.2016
Music Videos
Жігіттер квартеті ft. ХАНЗАДА
Ғажап әуен