Жанарым lyrics

Жігер Ауыпбаев

2018

33
0

Share:



1.Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр.
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы,
Бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда,
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!

2.Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр.
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Жүрегім бол деп, сені зорламайын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын.
Қарашығым бол-дағы дамылдағын,
Қашанда жанарымнан табыл, жаным.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!.
Жігер Ауыпбаев, Жанарым lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






12.11.2018
Users