Аманат lyrics

Жігер Ауыпбаев

2018

7
1

Share:



Желіге құлын байлаған,
Үйірлеп жылқы айдаған.
Ер қазақ едім ежелден,
Ұлы даланы-ау жайлаған.
Азуым күнді қайраған,
Алыптар толы айналам.
Қазақты аман сақтаудың,
Амалын күнде ойлаған.

Шірігін жәннәт шайнаған
Қырында киік ойнаған.
Қазаққа ғана бұйырсын,
Бабадан қалған бай далам.
Тентегін қарттар тектесін,
Ақылмен айтып шектесін.
Береке қашып, бақ тайса
Пәтуасыз болған көп кесін.

Алыстан айтып өкпесін,
Шет елге қазақ көшпесін.
Елім деп келген қазақты,
Өзектен ешкім теппесін.
Әулеттің оты өшпесін,
Көбейіп қазақ көктесін.
Жәудіреп қара көздері
Сәбиің шетке кетпесін.
Жәудіреп қара көздері
Жетімің жатқа кетпесін.
Әр сөзі ақыл-тағылым,
Сақтаған иман сабырын.
Дархандық, ерлік өнерді
Қазақ боп қана таныдың.
Көрсе де заман дабылын
Дәстүрдің кені ауылым.
Өзіңе барсам шабыт ап,
Нұрланар сана-танымым.

Даланың асқақ әнімін,
Тереңге кеткен тамырым.
Аямай жаса жақсылық,
Әр қазақ менің бауырым.
Шынардай біткен шындағы
Арудың тылсым сырлары.
Өзгеге тисе қара көз
Жүрегім жылап сыздады.

Жылады жүрек сыздады денемді қарып ызғары
Қазаққа ғана жар болсын алаштың ару қыздары
Қазаққа ғана жар болсын алаштың ару қыздары

Шыр етіп туып танығам ақ сүтімен анам дарыған
Мәртебең ассын күн сайын Ана тіл асыл қазынам
Құраннан алған ілімін бақытты құлдың бірімін
Сауапқа толсын әр күнің алғысқа толсын ғұмырың
Өркендеп елім жайнасын тұлпарым озып бәйге алсын
Еркіндік сүйген қазағым мәңгілік елге айналсын

Жігер Ауыпбаев, Аманат lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






29.06.2018