Жеткізіп көктемнің мың хабарын.
Айналып көгімде шынжыр құрап,
Тағы келіңдер,
Тағы да келіңдер, тырналарым
[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе?
Көңілге қонақтап таңдар нұры,
Жанымның ашылып алдан гүлі.
Табиғат жанарын жатыр шайып,
Көктемнің алғашқы,
Көктемнің алғашқы ақ жаңбыры
[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе?
Бұлбұлдар ерекше үн шығарып,
Гүлдерде жанары тұр шыланып.
Құрбым - ау ерекше әуен тыңдап,
Көкпеңбек қырқаға,
Көкпеңбек қырқаға бір шығалық.
[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе? Жібек Дүйсенова, Көктемім lyrics, 2019 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store