Әні: Ерболат Қарақойшы
Ердің қамын отыратын уайымдай,
Ата-анаға адал асын дайындай,
Қимастықты көп көрмесе серік қып,
Сыйластықты жүретұғын айырмай.
Құрбылардың көңілдері ыстық қой,
Құмандағы қайнап тұрған шайындай.
[Қайырмасы]
Ал құрбым, ал құрбым,
Тартуы тағдырдың,
Сендермен өткізген бақытты,
Әр сағат, әр апта, әрбір күн.
Көздерімен білдіретін шырайын,
Өздеріңмен мен мақтанып тұрайын.
Қуанғанда қуанышқа ортақ боп,
Мұңайғанда бірге жейтін уайым.
Ханшасындай өмір сүріп өздері,
Патшасындай құрметтейтін жұбайын. Жібек Дүйсенова, Ал құрбым lyrics, 2019 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store