Не жақсы lyrics

Жазира Байырбекова

2019

7
1

Share:



Не жақсы дүниені көрген жақсы
Ізінен жақсылардың ерген жақсы
Басыңа күн туғанда дос бауырды
Келгенше қолдан көмек берген жақсы
Алдыңа келе қалған әрбір ісің
Тигізбей жанға зиян жүрген жақсы

Не жақсы дүниедей арман жақсы
Артыңда тек жылы сөз қалған жақсы
Жүргенше біреулерді өкпелетіп
Ақ тілек ақ батасын алған жақсы
Өмірде бір биікке жету үшін
Адамның пейілі кең ахоу болған жақсы

Жалғайтын нұр бағыңды ұлың жақсы
Кеңейтер өрісіңді-ай қызың жақсы
Патшаның хан тағына отырғанда
Көретін әділдікті көзің жақсы
Өзгеге болам десен өнегелі
Болатын ең әуелі ахоу өзің жақсы
Адамның бойындағы ары жақсы
адал болса жары жақсы
Дүние қолдың кірі бәрінен де
Ананның аман есен жаны жақсы
Ат ізін салдырмайтын ағайынның
Ақ көңіл көршілердің бәрі жақсы

Баламен бұл өмірдің мәні жақсы
Дала мен қызыл гүлдің сәні жақсы
Бас қосып осындайда жақсылардың
Шырқатып салған әсем әні жақсы
Алланың бергеніне шүкір десек
Болады бұл өмірде ахоу бәрі жақсы
Болады бұл өмірде ахоу бәрі жақсы
Жазира Байырбекова, Не жақсы lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

26.12.2019
Users