Жанболат пен Жазира Өзіңсің (0) lyrics

Өзіңсің lyrics

Жанболат пен Жазира

Өзіңсің

0
0

Share:


Кей кездері сені аңсап, ойларға батамын,
Жоғалтып алардай сені себепсіз қорқамын.
Нұрлы жүзіңді көргім келіп, асыға күтемін,
Бір өзіңді мен ұнатамын.
 
Сен барыңда жүрегімде тыныштық орнайды,
Көңілім де көктемнің бағындай болып жайнайды.
Сен – бақытым маңдайыма тағдырым сыйлаған,
Сенсіз өмір мәні болмайды.
 
[Қайырмасы]
Өзіңсің, өзіңсің, өзіңсің,
Бақытым өзіңсің, өзіңсің.
Шаттығым шырайлы,
Арманым арайлы –
Өзіңсің.
 
Жүректі тербеген сезімсің,
Бақытым өзіңсің, өзіңсің.
Шаттығым шырайлы,
Арманым арайлы –
Өзіңсің.
 
Сағынамын мен өзіңді бір сәтке көрмесем,
Қиналамын жаныма сен күлімдеп келмесең.
Бойымдағы таусылмайтын ерекше пәк сезім,
Ойымдасың күндіз-түні сен.
 
Тағдырыма, жаным, жолықтың бағыма,
Көрмесем бір сәтке жүремін сағына.
Ұнатамын сенің жылы сөздеріңді,
Қайталашы, жаным, тағы да.

Әні: Т.Кутуньо
Сөзі: М.Сәбиева






Admin

Corrected text

01.01.2017
Users

GM