Жанболат пен Жазира Кетсең де шалғай (0), lyrics

Кетсең де шалғай lyrics

Жанболат пен Жазира

Кетсең де шалғай

3
0

Share:



Арманым менің,
Аяулым едің,
Табысар бізге күн бар ма?
Толассыз іздеп, даланы кезсем,
Қоятын маған сын бар ма?
 
Кетсең де шалғай,
Жанарымды алмай,
Қараймын сенің бейнеңе.
Түсімде көріп,
Аймалап, өбіп,
Қысамын ыстық кеудеме.
 
Тыңдайды гүлің бұлбұлдың үнін,
Сағынып сені армандай.
Күткенмен, күнім, келмейсің бүгін,
Тағдырдың жолы тар қандай.
 
Кетсең де шалғай,
Жанарымды алмай,
Қараймын сенің бейнеңе.
Түсімде көріп,
Аймалап, өбіп,
Қысамын ыстық кеудеме.
 
Айтатын әнім, күтетін таңым
Өзіңсің, жаным, жалғанда.
Шын сүйсе жүрек,
Аңсайды тілеп,
Өзге ойы оның болған ба!
 
Кетсең де шалғай,
Жанарымды алмай,
Қараймын сенің бейнеңе.
Түсімде көріп,
Аймалап, өбіп,
Қысамын ыстық кеудеме.






Admin

Corrected text

17.01.2017
Users

GM