Жанболат пен Жазира Бақыт деген сен екенсің (0), lyrics

Бақыт деген сен екенсің lyrics

Жанболат пен Жазира

Бақыт деген сен екенсің

2
0

Share:



1. Жасыл бақтың саясында
Жауқазын гүл жарғанда
Айлы түннің аясында
Біз айтпаған ән бар ма

қайырмасы:
Ақ періштем тілегіміз
Ай мен күннен нәр алған
Бірге соққан жүрегіміз
Махаббаттан жаралған

2. Жан дертіме ем екенсің
Шаршағанда талғанда
Махаббатым сен екенсің
Мынау жарық жалғанда

қайырмасы:

3. Мерекемсің, берекемсің
Жардан асыл жан бар ма
Бақыт деген сен екенсің
Мынау бес күн жалғанда

қайырмасы:






GM

Added Lyrics

27.12.2015