Сен маған сүюді үйреттің lyrics

Жазира Байырбекова

Сен маған сүюді үйреттің

2
0

Share:



Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...



Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.



Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.



Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.
Жазира Байырбекова, Сен маған сүюді үйреттің lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Жазира Байырбекова
Сен маған сүюді үйреттің