Қыз бақыты lyrics

Жазира Байырбекова

Қыз бақыты

13
0

Share:



1. Білерсің, арудың еркі кімде,
Сынбасын жарыңның серті мүлде,
Өзіңнің үйіңе қадам бастың,
Құлыным, қонақ ең төркініңде.
 
Қайырмасы:
Ақботам,
Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң!
 
2. Қызығып, көркіңе жүз қарадым,
Тағдыры осындай қыз баланың,
Ақ бесік тербетіп нәсіп етсе,
Жасарсың, ананың ізгі амалын.
Бағыңа сүйсініп, таңдай қақшы,
Еліңе судай сің, балдай батшы,
Әлпештеп өсірген перзентіңнің,
Бақытын тапқаны қандай жақсы.
 
Қайырмасы:
Ақботам,
Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң,

Қайырмасы:
Ақботам,
Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң,
Ақботам,
Ал енді, қош аман,
Жар болсын өзіңе Жасаған!
Күтіп тұр, әнекей, қосағың,
Күтіп тұр, жанұяң, босағаң,
Жар болсын өзіңеееее Жасағаааан!

Жазира Байырбекова, Қыз бақыты lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Aidana Erkairatovna

Corrected text

22.10.2017
Users

GM