Кім армансыз lyrics

Жазира Байырбекова

2017

15
3

Share:



Дүниеде адам бар ма арманы жоқ,
Біреудің қатыны жаман, дәрмені жоқ.
Баласы тілін алмас біреулердің
Салатын оны жөнге пәрманы жоқ.

Біреудің борышы көп төленбеген,
Баласы бойдақ отыр үйленбеген.
Айрылып ел-жұрты мен ағайыннан
Біреулер жат елде жүр үйренбеген.

Біреудің жаман болар алған жары,
Біреулер менсінбейді, байы кәрі.
Жете алмай ойлаған ой, мақсатына,
Қайғыдан біреулердің жүзі сары.

Біреудің сырқауы бар, саулығы жоқ,
Біреудің салынатын жаулығы жоқ.
Сипаты падишадай болса дағы,
О-дағы жүр арманда байлығы жоқ.

Біреудің мініп жүрер жорғасы жоқ,
Біреудің шашбауы мен сырғасы жоқ.
Біреудің мал-мүлкі сай болса дағы,
Қайтсын-ай, о да жалғыз сырласы жоқ.

Біреудің досы бұзар айтқан сөзін,
Төзе алмай сарғайтады ғазиз жүзін.
Біреулер дүние жүзін көре алмайды,
Құдайым соқыр қылған екі көзін.

Біреудің ата менен анасы жоқ,
Біреудің сүйетұғын баласы жоқ.
Халқына қызмет үшін ұмтылса да,
Тоқтайды көп сабаздар шамасы жоқ.

Ұрланған біреулердің жүйрік аты,
Онда жоқ сол себептен көңіл шаты,
Басылмай біреулерді кейітеді,
Газета–журналдарға жазған хаты.

Бақыттың бір кетіксіз толғаны жоқ,
Ойлаймын осы сөздің жалғаны жоқ.
Үстінен бұл дүниенің іздеп-іздеп,
Бір адам таба алмадым арманы жоқ.

Кісімен кетпес арман өлгенінше,
Қараңғы көрге барып кіргенінше.
Көрініп көз алдымда тұрғаннан соң,
Азырақ баяндадым білгенімше.
Жазира Байырбекова, Кім армансыз lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Болат Байгуренов

03 2017

Өте керемет ғибрат бар бұл əнде

07.10.2017
Users