Қазақтың келіндері-ай lyrics

Жазира Байырбекова

Қазақтың келіндері-ай

9
2

Share:



Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
 
қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Татулықпен тамсытқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.

қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.
Жазира Байырбекова, Қазақтың келіндері-ай lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Қонақ

11 March 2016

создерин дурыстасаныздар. мулдем дурыс келмейді

GM

Added Lyrics

23.12.2015
Music Videos
Жазира Байырбекова
Қазақтың келіндері-ай