Әрине күн lyrics

Жаяу Мұса

Әрине күн

0
0

Share:


Ақ тұйғын көлден қарсы-ай қаз іледі, а-ау,
Жиылып қыз-бозбала бір жүреді, а-ау, әрине күн.
Жігіттер, осындайда-ай ойна да күл,
Ұлғайып, үйде отырар кез келеді, а-ау, әрине күн.


Болады көк жетілсе-ай шалғын төсек, а-ау,
Өтірік болар ма екен-ай бұлай десек, а-ау, әрине күн.
Жастықтың әсерінде-ай не болмайды, а-ау,
Айтқаным болмаса менің-ай, сірә, өсек, а-ау, әрине күн.

Жаяу Мұса
Жаяу Мұса, Әрине күн lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015