Ұстазға арнау lyrics

Жаннур Таттигалиева

3
0

Share:


Ұстаз деген биік тұлға байсалды,
Талай шәкірт жүрегіне ой салды.
Бар ғұмырын ізденіспен, еңбекпен
«Білім» деген ұлы көшке жол салды.Ұстазымды теңер едім анаға
Білім менен шуақ берген балаға.
Шәкірт үшін қылқаламын тербетіп
Түн ұйқысын бөлген білім арнаға.Ұстаз деген қазақтың кең даласы,
Ілім деген ен байлықтың панасы.
Бар байлығын ұрпағы үшін сарп еткен
Деген оймен кем болмасын баласы.Ұстаз деген доста болар сыр шертер,
Сүрінгендер, шалынғандар демелер.
Шәкірт үшін қаймағын қалқи құйып
Қаспағын еңбекпенен қырып берер.Ұстазға жан бар мекен бас имейтін,
Ұстаз емші сауатсыздықтан емдейтін.
Білім жолда тер төккен арда ұстазым
Ғұмырлы боп, шаттықты боп жүргейсің.
Жаннур Таттигалиева, Ұстазға арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

18.04.2017