Биле lyrics

Жәнібек Бестерек

2018

0
0

Share:



Әні/Сөзі : Ел-Нұр Әлімбай [QBA]

Келін абысын
Алыс танысың
Бұл тойдың мерейін асырсын ...

Ата мен ене
Шетте тұр неге
Оларда алаңға қосылсын ...

Қайырмасы :

Биле биле биле аға
Биле биле биле жеңге
Уайымды ұмытып кел ортаға
Би алаңын бос қалдырмай сенде ...

Биле биле биле әпке
Биле биле биле жезде
Өз өнеріңді көрсетіп көпке
Қайтарсың үйге шаршаған кезде ...

Құдағи құда
Сәл ғана шыда
Таң ақанда бітеді тойым ...

Сұлу құдаша
Биің ұнаса
Ән шырқаймын жолыққан сайын ...

Қайырмасы :

Биле биле биле бөле
Биле биле биле жиен
Билегенді жек көремін деме
Тойшыл қазақ билегенді сүйген ...

Биле биле билеші нағашы
Биле биле биле бәрің
Биден жазылар көңіл наласы
Ұлы тойдың келтіріңдер сәнін ...
Жәнібек Бестерек, Биле lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

29.04.2019