Анаға сағыныш

Жәнібек Бестерек

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Анашым өмір сыйладың
Жылулық жанға жинадың
Балаңның қамын ойлаумен
Алаңсыз мұңға сыймадың
Өзіңмен бұрын мендемін
Анасыз жайға көнбедім
Амалсыз сені сағынып
Жырыңмен ана сен дедім

Қайырмасы
Анашым ендің сен түсіме
Қайтемін тағдырдың ісіне
Сағыныш атыммен арнадым
Хатымды əніммен жалғадым

Құлақ сал асыл пендеге
Анаға жоқ қой тең келер
Анаңды сыйла барында
Анасыз жүріп сенделген
Дүние байлығын деп ем
Ана ол мұхитта кеме
Батасын жоғалтсаң оның
Анаңды барыңда еле

Қайырмасы
Анашым ендің сен түсіме
Қайтемін тағдырдың ісіне
Сағыныш хатыммен арнадым
Хатымды əніммен жалғадым
Құшаққа қысар ем өзіңді
Арнапсың балаңа төзімді
Сағыныш хатыммен арнадым
Хатымды əніммен жалғадым



Жәнібек Бестерек Анаға сағыныш lyrics, Жәнібек Бестерек 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

05.06.2018
Users