Жанболат пен Жазира Бәрі керемет lyrics

Бәрі керемет Жанболат пен Жазира

2022

Share:




Lyrics


Жақсы десең, бәрі жақсы болады,
Барлық адам бұл өмірдің қонағы
Тұнық болса көңілдердің айнасы,
Басыңа келіп бақыт құсы қонады...

Қайырмасы:
Өмір шіркін!
Өмір шіркін, өтер жаным бір күн,
Тек бақытқа толсын сенің күлкің
Жадырап күлкің!

Бәрі, бәрі, бәрі жақсы керемет,
Күннің нұры көңіліңе себелеп
Түзу болса ниетің, шақырусыз келеді,
Берекемен бақыт еселеп х2

Ниетіңнен бастау алар амалың
Жақсылыққа бағыт алсын қадамың
Жылы сөйле жадырасын жүректер
Қымбат не бар көңілінен адамның

Қайырмасы:
Өмір шіркін!
Өмір шіркін, өтер жаным бір күн,
Тек бақытқа толсын сенің күлкің
Жадырап күлкің!

Бәрі, бәрі, бәрі жақсы керемет,
Күннің нұры көңіліңе себелеп
Түзу болса ниетің, шақырусыз келеді,
Берекемен бақыт еселеп х3



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

14.09.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz