Анамның ақ жаулығы Жанболат пен Жазира

2018

53
1

Share:




Lyrics



Сен үшін күн алаңдар, түн алаңдар
Бәрінің жан аяулы бір анаң бар
Перзент боп ақтамасаң ана сүтін
Жер басып жүрмей-ақ қой, ей адамдар

[Қайырмасы]
Анамның ақ жаулығы аппақ, аппақ.
Айналдым пейіліңнен қардан аппақ
Анашым ақ батаңның арқасында
Басымда тұрады әркез бақ қонақтап

Шықсам да қиял жетпес қияға бір
Ойыңа жақсылығын жиі ала жүр
Зар болып жан анасын бір көруге
Аз ба екен мұңайған қыз жылағаны.


[Қайырмасы]
Анамның ақ жаулығы аппақ, аппақ.
Айналдым пейіліңнен қардан аппақ
Анашым ақ батаңның арқасында
Басымда тұрады әркез бақ қонақтап.

Гүліндей алма ағаштың аппақ, аппақ
Үлгі етем пейіліңді көпке мақтап
Қасымда асыл анам өзің барда
Басымда тұрады әркез бақ қонақтап.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Масат
11 2021

Өте әдемі өлең

Added

20.08.2018