Маңғыстау мекен lyrics

Жанар Тоқтасынова

1
0

Share:


Маңғыстау мекен!
Маңдайға ар мен құт берген....
Малы мен шөбі, табиғатына бас игем.
Маңғазы далам, толқыған каспий жағасы..
Өзіңмен бірге,  балалығымнан көгергем..

Маңғыстау өлке.
Мерейің нұрға бөленсін.
Самалың есіп шашымды талай өргенсің .
Таң сəрі шығып  сəуленің шұға жарығы
Кешімді батып жұлдыздарымды төгесің...

Маңғыстау отан.
Отыңа құрбан мың адам.
Осында жатыр əулие баба қолдаған.
Қара топырақ құнарлы болса тұз шөлде.
Жусаның аңқып, жасыл кілемің орнаған.

Маңғыстау мекен,
Мың қыстауынан құраған.
Үстүрті терең, теңізіңменен бойлаған.
Тауыңда бөкен, қарақұйрықтар секеңдеп
Жағаңда балық шағалалар мен ойнаған.

Маңғыстау өрім.
Осында жатыр өр анам,
Осында жатыр əулие баба қолдаған
Шырайлы мекен кіндіктің қаны тамған жер,
Шіркінай елім өзіңнен кеткен, талайлар қайта оралған!

Маңғыстау орда.
Ордасы адай халқының.
Осында бəрі найза ұстаған батырың
Осында бəрі домбыра ұстаған ақының
Жанар Тоқтасынова, Маңғыстау мекен lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Added Lyrics

10.12.2016