Жанар Дұғалова ft. Айна ft. Жанель Әлия (0) lyrics

Share:


 
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен, жиып өскен, жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен, күйін кешкен, күйін кешкен.
 
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия - ару қызы сен халқымның
Ерке құсы кең даламның!
 
Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып, тоқтай қалып, тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке
 
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып, оттай жанып, оттай жанып.
 
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Әлия - ару қызы сен халқымның
Ерке құсы кең даламның!
 
Әлия - ару қызы сен халқымның
Әлия - батыр қызы сен халқымның
Ерке құсы кең даламның!
ӘЛИЯ!!!







Comments

айдана

03 2016

оте жаксы олен

GM

Added Lyrics

30.10.2015
Music Videos
Жанар Дұғалова ft. Айна ft. Жанель
Әлия