Ғашықтар әні lyrics

Жанар Дұғалова ft. Адам

Ғашықтар әні

0
0

Share:


Қасың қандай, қарақат көзің қандай.
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай.
Қуанатын балаша кезім қандай.
Көзің қандай, жаныма сөзің балдай.

қайырмасы:
Көңілге жыр толады сен дегенде,
Жүрекке сыр толады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнар
Өмір де құлпырады сен дегенде.

Таңым қандай, жұлдызды бағым қандай.
Арың қандай, жібектей жаның қандай.
Көзің қандай, шуаққа шомылғандай.
Сезім қандай, тәңірге табынғандай.

қайырмасы:
Көңілге жыр толады сен дегенде,
Жүрекке сыр толады сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып жарқыл ....
Өмір де құлпырады сен дегенде.
Жанар Дұғалова ft. Адам, Ғашықтар әні lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Жанар Дұғалова ft. Адам
Ғашықтар әні