Жанар Дұғалова , Ермек Балжігіт Кеш мені (Бала дауысы) lyrics

Кеш мені (Бала дауысы) Жанар Дұғалова , Ермек Балжігіт

2016

0
0

Share:




Lyrics



1. Көз ілмей шықтым түні бойы, атты таң да
Мазалап бір ой кетпей қойды естен әлі
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма айтшы, жаным, босқа соның бәрі?

Қ-сы:
Кеш мені, кеш енді,
Бар ма амал, менде енді?
Оралмас, бір болмас
Екі жас бірге енді.

2. Көз алмай тұрдым алдымдағы екі жастан,
Бір-біріне күлімдеп қарап, қол алысқан
Жайдарлы шыққан күндер бірге жүрген едік
Болды ма, бұдан артық менде ақ арман?

(Рэппен оқылатын сөздер):
Бағалай білмейміз біз барды
Жігіттер сүйіңдер қыздарды
Әйтпесе әр жанда бар арман
Қыз деген сол үшін жаралған.
Сезімді тұра алар бүгіп кім?
Ең ізгі ерлігі жігіттің -
Жан ұғар жақынның жоқ теңі
Бір қызды бақытты еткені.
Онсыз да бұл заман ызғарлы,
Жігіттер сүйіңдер қыздарды,
Өлуде күнәсіз сан арман
Қыз деген сол үшін арналған.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

17.11.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz