Рүстем төреге айтқан сөз lyrics

Жанақ ақын

0
0

Share:


Ал қолыма тидің бе, қарағайым,
Қарағайсыз керекке жарамаймын.
Жел желісті, желмаям саған мініп,
Бұл үш жүздің баласын аралайын.

Қарағайым қолыма тигеннен соң,
Ажарына ешкімнің қарамаймын.
Беретін ақ бас құндыз, ақ жамбым жоқ,
Өлеңіммен төрені паралайын...

Ат-биеден туады, алтын-анадан,
Ел-ағадан азады, тон-жағадан.
Өлексе өлекшіннің аңдығаны,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Сергелдең сейіл, серуен кезеңінде
Ер аттан мұқалады, ат- тағадан.
Балапан ұядағы ұшқанды алар,
Қатын ерден үлгі алар, іні-ағадан.
Бір ойы он бөлінген, оны-жүзге,
Сасқанда ақыл шықпас кембағалдан.

Хан оңбас қарашасын қарақтаған,
Нар үріксе жүгі ауыр қарқарадан,
Тұлпар ақау болады аяғынан,
Ақсаса оңалмайды би парадан
Рүстем атағынды естіген соң
Әдейі іздеп келіп ем Қарқарадан

Заман өтіп барады қилы-қилы,
Қазақ болды бұл күнде елдің сұмы.
Астында тақ, аузында әмірі жоқ
Саба құрсақ жем қылды сарттың ұлы
Ат пен түйе тарту ап келгендерге
Мендей емес, Рүстем, түсің жылы.

Жасымда кедейліктен жедім таяқ,
Жалаң бас, жамау дамбал, жалаң аяқ.
Кедейлік қыршаңқы аттай тонтан қуып,
Үйірге қосыла алмай жүрдім саяқ.
Қыр соңыма түсіп ан сұм кедейлік,
Найзасын жетер-жетпес жүрді таян.

Мұңдасатын таусылды тұстас тұрғым,
Әзілдесер таусылды тату құрбым.
Жан жабығын, тән тозын, қартаярда,
Үйлеспей басында жүр көңіл қырдың.
Жанақ ақын, Рүстем төреге айтқан сөз lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

14.02.2017
Users