Жан Ахмадиев & Жігер Мақсот ҚАЗАҚСЫҢ ба Сөйле досым ҚАЗАҚША! (2021), lyrics

ҚАЗАҚСЫҢ ба Сөйле досым ҚАЗАҚША! lyrics

Жан Ахмадиев , Жігер Мақсот

2021

7
0

Share:



Қазақсың ба? Қазақ болсаң сөйле досым Қазақша!
500-жылдық тарихы бар Қазақ саған мазақ па?!
Өз тіліңді ешқашанда өзге тілге қаратпа!
Мазақтасаң міңгірлеген мәңгүрттерді мазақта!

Тыңда Қазақ бауырым!
Ішіндегі тәуірім!
Түзетпесең тіліңді,
Өтіп кетер дәуірің.
Бөтен тілге жүгінесің,
Жүрмей жатса әмірің.
Әрбір адам өз тілінде тану керек тәңірін!

Бөтен тілге буксавайттап еліктейміз ереміз,
Сары шашты Сергейлердің тіліменен келеміз!
Ағылшынды болашақтың кепілі деп сенеміз,
Айтшы досым! Қазақ тілін қаза қылдық неге біз?!

[Қайырмасы]
Қаным да ҚАЗАҚ
Жаным да ҚАЗАҚ
Бағым да ҚАЗАҚ
Жалында ҚАЗАҚ
БАҒЫҢДЫ БЕРМЕ
БАҒЫНБА қазақ
Ана тіліңнен!
АрылмА ҚАЗАҚ

Қаным да ҚАЗАҚ
Жаным да ҚАЗАҚ
Бағым да ҚАЗАҚ
Жалында ҚАЗАҚ
БАҒЫҢДЫ БЕРМЕ
БАҒЫНБА қазақ
Ана тіліңнен!
АрылмА ҚАЗАҚ


Мазақ еттің ұрпағым деп ұрандатқан бабаңды,
Айыптайсың өзіңді емес, мынау зарлы заманды.
Байқамайсың кеудеңдегі іріп кеткен жараңды,
Жек көремін сен секілді намысы жоқ наданды!

Себебі Мен қазақпын сақтаған қазақтығын!
Қастерлеумен өтемін жүректегі Қазақ тілін!
Мақтанышым ол менің кеудемдегі азат туым,
Шын айтамын Жыға ашмайды ешкім де қазақ туын!

Қазақ тілі ана тілің білмей жүрсең біліп кет.
Әлі жүрсің ана тілді жаттай алмай дідіктеп!
Сен қазақша сөйлемесең жоғалшы бар шіріп кет!
Қазақ тілін қорлағанша қызыл тілді тіліп кет!!!

[Қайырмасы]
Қаным да ҚАЗАҚ
Жаным да ҚАЗАҚ
Бағым да ҚАЗАҚ
Жалында ҚАЗАҚ
БАҒЫҢДЫ БЕРМЕ
БАҒЫНБА қазақ
Ана тіліңнен!
АрылмА ҚАЗАҚ

Қаным да ҚАЗАҚ
Жаным да ҚАЗАҚ
Бағым да ҚАЗАҚ
Жалында ҚАЗАҚ
БАҒЫҢДЫ БЕРМЕ
БАҒЫНБА қазақ
Ана тіліңнен!
АрылмА ҚАЗАҚ

Сөзін жазған: Жан Ахмадиев
Әнін жазған: Жігер Мақсот






Comments

Эльдар

27 2021

алға қазақ еліміз аман болыңіз

Admin

Corrected text

05.08.2021
Users