Заманауи жырау Жан Ахмадиев!
Қазапыз ғой 6...
Байғұс қазақ халқы!
Тек қазақта шахтерлер шу көтеріп жиналады
Тек қазақта нағыз еңбек иелері қиналады
Ақысыз жүр жер астында қазағымның кеншісі
Шетелдікке кетіп жатыр байғұстардың еншісі
Қазақпыз ғой дәл осындай тұрмысымыз теңселген
Қайда қарап отырсыңдар ел өкімет ел сенген
Депутат деп сайлап едік,олар отыр үнсіз боп
Халық үшін тұра алмасаң босат онда орныңды
Қайдан ғана сайлайды екен сен секілді сорлыны!
Қара халық қайтсін енді көнеміз ғой көнеміз
Өйстіп жүріп ақырындап сөнемізде өлеміз
Экраннан кедейді емес әншілерді көреміз
Жұлдыз сымақ клоунның өсегіне ереміз
Қазақ үшін не істеді екен айтшы маған әншілер
Көрсетпейміз арналардан батырларды неге біз
Не істесеңде айтайын мен өкіметтің мақсатын
Мақсаты оның ел санасын байлап тастау,ақсату
Теле арнадан әншілерді көріп жүрген жастарым
Қызықсынба саясатқа улап саған бастарын
Қайырмасы:
Қазақпыз ғой мұсылманбыз сақалы жоқ мұрты бар
Қазақ барма қазақпыз деп қазақ үшін жыртылар
Қазақпыз ғой қасиетті қарапайым жұрты бар
Қазақпыз ғой ,Қазақпыз ғой,-қазақ деген ұлты бар!!!
Қазақпыз ғой кондуктормыз, құрылысшы, күзетші
Өтірік пе қате болса, бұл сөзімді түзетші
Қазақпыз ғой өз елімде қаңғып жүрген, тентіреп
Қайдасыңдар ұры қаралар ақша жеген елтіреп
Тек қазақтың әкімдері жасап жүрген жарнама
Әкім айтты 500теңге мейрамхана таңдама
Жетпейді ғой сол бір 500 ет пен піскен нанға да
Әкімсің ғой қазақтарды қарағым сен алдама
Әкім болған зың-зың айтып арналардан зыңылдап
Қазақтар жүр қайыршы боп тісін қағып дыңылдап
Басынбаңдар қасқыр қазақ тістеп алса оңбайды
Әзірге біз шыдап жүрміз ыза менен ырылдап
Қазақпыз ғой түсірме сен ешқашанда еңсеңді
Ұмытпайқ бір болуды,ұмытпайық мен сенді
Мына бізді басынғандар шаңыраққа қара сен
Жігіттер бар арамызда елім дейтін белсенді
Қазақпыз ғой қазақ болып, қиналғандар 1000 шығар
Көніп жүрміз,сөніп жүрміз,бұлда бізге сын шығар
Қазақсың ғой-қазақ деген жырауыңды жек көрген
Қазақсыңба қазақ болсаң дәл осындай жыр шығар!
Қайырмасы:(2рет)
Қазақпыз ғой мұсылманбыз сақалы жоқ мұрты бар
Қазақ барма қазақпыз деп қазақ үшін жыртылар
Қазақпыз ғой қасиетті қарапайым жұрты бар
Қазақпыз ғой ,Қазақпыз ғой - қазақ деген ұлты бар!!!
Асылан Магзумов
жарайсың
molya.zhumakhan
кетші, бәрін өзің сияқты жынды қылайын деп жүрсің ба?
Заманбек Орынбасар
жаксы
Сания
Аман бол балам
Ерсултан
Красавчик аға, саған қосылам