Қазақпыз ғой 4

Жан Ахмадиев , Smitty

Қазақпыз ғой 4

4
1

Share:








Part 1, ЖАН АХМАДИЕВ

Неге, неге тек қазақтар тартады өмір азаптарын,
Қазақтарды бөтен емес қазақ келіп мазақтады.
Бір қазақты жиырма қазақ видеоға жазады тағы
Таратып жүр, ұят қой достар, қайда кетті қазақ қаны?
Тек қазақтар жазықсыздан қамалады темір торға,
Тек қазақтар бас иеді пагон таққан парақорға.
Тараздағы өліп кеткен Ерланды да тамашалап
Бір қазақ кеп ала алмады оны өлімнен арашалап.
Есте болсын кешірім жоқ жетімдерді жылатқанға,
Жас баланы қыршынынан қиып тұрып құлатқанға.
Қорғаны жоқ қаршадайды қорқытқандар тыңда мені!
Қабіріңде тіл қатасың Ерлан жайлы сұрақтарға!
Қазақ сені кешірсе де Құдай сені кешірмейді,
Қарғыс атқан қоқыстардың күнәларын өшірмейді.
Қазақпын деп ей полицей қалай ғана айта аласың?
Жас қазаққа жала жаптың қалай енді жай табасың?!

Қ/сы 2 рет, бірге:

Қазақпыз ғой қазақ болсақ қазақтарды қорғайық,
Қазақпыз ғой қазақ үшін немқұрайлы болмайық.
Тек қазақтың қаны біткен қандастарды қолдайық,
Қазақпыз ғой бұл сөздерді бар қазаққа жолдайық!

Part 2, Smitty

Қайда кетті қазағым-ау қазақпыз деп бас ұрғаның?
Қайда кетті қазақпыз деп қылыш алған батырларың?
Бұл күндері толып кетті батыр емес қатындарың
Ер жігіттер тепкіледі қарындасын қасындағы.
Қазақпыз деп шайтан берген Хэллоуинды тойлатамыз,
Айтыңдаршы бұл мейрамды тойлады екен қай атамыз?
Құрбан айтта қой соймайтын қанжығалы қайран қазақ
Хэллоуинде пері болды барлығына болып мазақ.
Қазақпыз ғой мән бермейміз көшедегі көгілдірге,
Дәл осылай қазағымның ар-намысы төгілді ме?
Қыз текелер уақыт санап көбеюде елімізде
Шын айтайын керек емес шошқалар тегі бізге!
Намыс қайда, жүрек қайда тек қазақ деп дүрсілдеген?
Қазақ едік қанша қасқыр жабылса да күрсінбеген!
Бұл қоғамды жастар болып түземесек ағайындар...
Бұл Отанды басып барады жабайылар.

Қ:сы 2 рет, бірге:

Part 3, ЖАН АХМАДИЕВ

Тек қазақтар кеш біледі қымбат доллар бағасын,
Құрғыр доллар құртты талай қазақтардың санасын.
Өзіміздің теңгемізде тиын құрлы құн да жоқ
Бұрындары бай ел едік қазір құрсын бұл да жоқ.

Smitty
Күш қалды ма қазағымда төтеп берер дағдарысқа,
Бұл дағдарыс әсер етпес бойға біткен ар-намысқа.
Ең бастысы дәстүр менен салтымызды ұмытпайық,
Қиын кезде шайтан берген нәпсімізді құрықтайық!

Оян қазақ!!!
Жан Ахмадиев & Smitty Қазақпыз ғой 4 lyrics, Жан Ахмадиев 0


Загрузка...





Comments

инкар

22 2016

Жан ахмадиевтин андерин жаксы корем

Admin

Corrected text

19.06.2018
Users
Music Videos
Жан Ахмадиев
Қазақпыз ғой 4