Оян, қазақ - Террорист lyrics

Жан Ахмадиев ft. Smitty

2016

6
0

Share:



Террористтер соңғы кезде Қазақ елін боздатты,
Қан төккенін дінге жауып дәл осылай жол тапты.
Талай жандар жанын берді айналайын ардақты,
Жоғалттық біз Мақсат, Аян, Бауыржандай боздақты.
Кім едің сен?!
Талай жанды жазықсыздан жазалайтын,
Қазағымның тыныш жатқан түн ұйқысын мазалайтын.
Кім едің сен?!
Автоматпен көшелерді аралайтын,
Әттең жан жоқ!
Сендейлерді жер бетінен тазалайтын.
Бірақ, сенің дайын тұрған орның бар ғой тозақта,
Себебі сен мылтық аттың өз ұлтыңа, Қазаққа.
Сендейлерді жазаласа өлгендердің туысы,
Көрер едім айтарыңды батып жатып азабқа.
Кім кінәлі, мұндай малғұндардың жүргеніне,
Оқ жаудырып адам атып мысқыл қағып күлгеніне.
Кінәлі тек сасық қоғам ашу-ыза тудыратын,
Бұл бір белгі ақыр заман жақындады, білмедің бе?
Ей, Қазақтар сақшыларды, мусор дейміз, мент дейміз,
Әдет қой бұл аузымызға қонып қалған дерт дейміз.
Террористтер оқ атқанда сол полицей қорғады,
Құрметтейік оларды біз бұдан мал боп кетпейміз.

[Қайырмасы]
Оян Қазақ!
Жетер енді жығылғаның,
Оян Қазақ!
Жетер енді қырылғаның.
Оян Қазақ!
Оян, енді тығылмағын
Бұзықтыққа бұрылмағын
Секталарға ұрынбағын.

Иә, солай соңғы күндер Қазақ үшін мұңды болды,
Шайтан ұрған жас Қазақтар адам атып жынды болды.
Екі мәрте елімізді террористтер дүр еткізді,
Кім туды екен бұл малдарды қаніпезер жүрексізді.
Шыны керек белгілі ғой ақырзаман жақындады,
Бұған дәлел жерлестердің жазықсыздан атылғаны.
Террор жасап қан төгуді жастарымыз мақтан етті,
Сол себепті елімізде террористтер қаптап кетті.
Түсінеміз күрсінеміз қаза тапқан жандар үшін,
Террористтер жауап берер мұндай іске барған үшін.
Тек батырлық танытатын полицейлер қаһармандар,
Басқаларды қорғау үшін жанын жарға апарғандар.
Корқамыз ғой көріп қалсақ мұсылманды сақалы бар,
Айтыңдаршы бұл жағдайға діннің қандай шатағы бар
Сақалы бар Смитти де террористке ұқсайды ма?!
Оталсаңдар бізге емес, қара қолға оталыңдар.

[Қайырмасы]
Оян Қазақ!
Жетер енді жығылғаның,
Оян Қазақ!
Жетер енді қырылғаның.
Оян Қазақ!
Оян, енді тығылмағын
Бұзықтыққа бұрылмағын
Секталарға ұрынбағын.
Жан Ахмадиев ft. Smitty, Оян, қазақ - Террорист lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

жансая

26 2016

жарайсыз.! создери оте жаксы.....

Дастан

26 2016

ең аз айлықта полицейде екенін неге айтпаган

Jazira

27 2016

жарайсыз

777

27 2016

Жарайсындар тек кана Алга

Ересіл

01 2016

жаксы ан діннын буган еш катысы жок

гузи

11 2016

дұрыс айтылған оян қазақ

Гули Аныкбек

01 2017

Жарайсыңдар

Erasyl Usenbekov

14 March 2018

Жарайсын

Dima

24 2019

Бауыжан бауырым меним

Admin

Corrected text

24.07.2016
Users
Music Videos
Жан Ахмадиев ft. Smitty
Оян, қазақ - Террорист