Жаратылыс сыры lyrics

Жамбыл Жабаев

0
0

Share:


Асқар тау ғаріп емес пе,
Айдынды көлі болмаса.
Ер жігіт ғаріп емес пе,
Белгілі елі болмаса,
Ел де ғаріп емес пе,
Белгілі жерге қонбаса.
Ағаш ғаріп емес пе,
Мәуесі өсігі тұрмаса.
Су да ғаріп емес пе,
Арнасы тасып толмаса.
Әйел ғаріп емес пе,
Ерден бағы жанбаса.
Жаз да ғаріп емес пе,
Кұрғақшылық торласа.
Ұста ғаріп емес пе,
Темірдін суын таппаса.
Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса!
Халық ғаріп емес пе,
Айтқаны іске аспаса.
Жігіт ғаріп емес пе,
Еңбегі алға баспаса.
Арғымақ ғаріп емес пе,
Арам тер болып ақсаса.
Малшы ғаріп емес пе,
Малын жөндеп бақпаса.
Бақсы ғаріп емес пе,
Өтірік айтып ақтаса.
Көл де ғаріп емес пе,
Қаз-үйрек келіп қонбаса.
Шебер ғаріп емес пе,
Ағашты дұрыс жонбаса?!
Заманның сыры емес пе,
Заманға қайғы жемес пе,
Домбырасын қолға алып,
Жамбыл ақын толғаса!
Жамбыл Жабаев, Жаратылыс сыры lyrics, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016