Тілеміске lyrics

Жамбыл Жабаев

0
0

Share:


Ей, Тілеміс, Тілеміс!
Тілің мірдің оғындай.
Тиіп кетсе, күйдірген
Сексеуілдің шоғындай.
Қарсы келген жау болса,
Құтылмайды соғылмай,
Құр сүлдесі қалғанша,
Қара терге шомылмай!
Кебекбай мен Ноғайбай
Тіліңнен-ақ именіп,
Жүр ғой сені соға алмай!
Жамбыл Жабаев, Тілеміске lyrics, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016